Басты жаңалықтар

ЖИ-МЕН ТЕГІН КИНО ТҮСІРУГЕ БОЛАДЫ!

Редакция 02 қазан 2026, 15:37
Елордада жасанды жүйе көмегімен түсірілген фильмдер фестивалі өтуде. Astana AI Film Festival халықаралық байқауына әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. 25 фильм финалға өтті. Жүлде қоры 2 миллион АҚШ доллары.
ЖИ-МЕН ТЕГІН КИНО ТҮСІРУГЕ БОЛАДЫ! Сурет авторы: GPT

100 АҚШ ДОЛЛАРЫНА КИНО ТҮСІРУГЕ БОЛАДЫ! 

Бас қалада жасанды интеллект көмегімен түсірілген фильмдер бәсекеге түсіп жатыр. Astana AI Film Festival халықаралық байқауына әлемнің 125 елінен 8 мыңнан астам өтінім түскен. Оның барлығы бірде-бір камерасыз, ешқандай әртіс жалдамай, тек қана жасанды интелектінің көмегімен монтаждалған.  Солардың ішінен финалға 25 үздік жұмыс іріктелді. Оның екеуін қазақстандықтар жасаған. Финалға өткен туындылардың ішінен 8 жеңімпаз анықталады. Оларға жалпы сомасы 2 миллион доллар болатын жүлде қоры табыстағалы отыр. Ал, кімнің киносы мықты екенін  шетелден келген сарапшылар анықтайды.

 

Фильмдер 19 жанрды қамтиды. Фестивальге түскен барлық жұмыстардың жалпы хронометражы 100 мың минуттан асты.

«Финалға жолдама алғандардың ішінде қазақстандық жігіттердің 2 туындысы бар. Ол шетелдіктермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беретін, мықты фильмдер деп айтуға болады. Жалпы әр фильмнің хронометражы  да, жанры да, түсірілген қаражат көлемі де әртүрлі. Мәселен ЖИ көмегімен 100-5000 АҚШ долларына фильм түсіруге болады қазір. Жүлде ретінде 1 миллион АҚШ доллары беріледі. Одан бөлек оларға қолдау ретінде, тағы 1 миллион АҚШ доллары инвестиция үшін табысталмақ. 

 

    Қазылар алқасын шет мемлекеттерден алдырдық. Олардың ішінде ЮНЕСКО экс басшысы, Францияның бұрынғы мәдениет министрі Одри Азуле, China Film Group жанындағы Жасанды интеллект зерттеулері институтының деканы Ма Пин, Бейжің киноакадемиясы анимация факультеті деканының орынбасары Ван Хао, кәсіпкер әрі инвестор Баладжи Сринивасан, сондай-ақ BytePlus компаниясының Таяу Шығыс пен Африка, Үндістан, Түркия және ТМД елдеріндегі бас менеджері Ли Лонг бар», - деді, Фестивальдің тең құрылтайшысы Алмас Жали.

Байқаудың қорытындысы 3 қазанда белгілі болады. 

Жарнама