Басты жаңалықтар

Тоқаев бірқатар елшіні ауыстырды

Редакция 07 сәуір 2025, 02:31
Тоқаев бірқатар елшіні ауыстырды Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар дипломатиялық тағайындаулар жасады.

➤ Азамат Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол бұған дейін әділет министрі қызметін атқарған.

➤ Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне кірісті. Осыған байланысты ол Үндістан, Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Бутан және Мальдив аралдарындағы елшілік қызметтерінен босатылды (қоса атқарған).

➤ Әлім Қирабаев Польшадағы елші қызметінен босатылды.

Жарнама