Әлемнің екінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенко Милан сән апталығын ашқан ауқымды Vogue World: Milano модный шоуының қатысушысы атанды.
Іс-шара 22 қыркүйек күні Милан қаласындағы тарихи Виктор Эммануил II галереясында өтті. Спортшы подиумға әйгілі итальяндық Gucci сән үйінің креативті директоры Демнаның авторлық образымен шығып, кәсіби модельдермен бірге жүріп өтті. Жарияланған кадрлардан теннисшінің көпшілік пен фотографтар алдында өте сенімді ұстағанын байқауға болады.
Vogue World бұған дейін Нью-Йорк, Лондон, Париж және Лос-Анджелес қалаларында өтсе, бұл жолы бесінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Миландағы шара Италияның әлемдік модаға тигізген әсеріне, дәстүрлі шеберлікке және оның заманауи технологиялар дәуіріндегі дамуына арналды.
Айта кетейік, Арина Соболенко Gucci брендінің ресми амбасадоры болып табылады және осыған дейін Vogue журналының цифрлық мұқабасы үшін фотосессияға түскен болатын.
Еске сала кетсек, спортшы соңғы ресми матчын US Open-2026 финалында өткізіп, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаға 4:6, 7:5, 2:6 есебімен жол берген болатын. Аталмыш турнирден кейін Елена Рыбакина WTA рейтингінің бірінші сатысына көтерілсе, Арина Соболенко екінші орынға жайғасты.