Қайғылы оқиға 7 қазанда Республика даңғылындағы үйлердің бірінде болған. Пәтерден 52 жастағы ер адам мен оның 49 жастағы жұбайының мәйіті табылған.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Әзірге қайғылы жағдайдың нақты неден туындағаны және қылмыстың мән-жайы жарияланған жоқ. Тергеу барысында оқиғаның барлық дерегі анықталмақ.