Басты жаңалықтар

Соңғы екі әскери қызметшінің денесі табылды: Каспийдегі іздеу операциясы аяқталды

Редакция 25 қыркүйек 2026, 11:04
Соңғы екі әскери қызметшінің денесі табылды: Каспийдегі іздеу операциясы аяқталды Сурет авторы: Қорғаныс министрлігі

Каспий теңізінде із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осылайша іздестіру-құтқару операциясы аяқталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

25 қыркүйекте сағат 09:15 шамасында іздеу жұмыстары кезінде сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылған.

Осылайша Каспийдегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан әскери қызметшілер саны 14-ке жетті. Үш әскери қызметші аман қалды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 24 қыркүйекте оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде ауа райы кенеттен күрт нашарлап, 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен. Олардың үшеуі құтқарылды.

Жарнама