Басты жаңалықтар

Петропавлда екі жасар бала шемішкеге түйіліп көз жұмды

Абдрахманов Мағжан 16 маусым 2025, 12:41
Петропавлда екі жасар бала шемішкеге түйіліп көз жұмды Сурет авторы: Fotolia / Detry26

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Петропавл қаласында екі жасар бала шемішкеге түйіліп қайтыс болды.

– 13 маусым күні Петропавл қаласындағы Бірлік шағынауданында екі жасар бала күнбағыс дәніне түйіліп көз жұмды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Оқиға бойынша қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі уақытта оның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жарнама