Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайдың алғашқы отырысында депутаттарға Шәмші Қалдаяқов құрметті атағын енгізуді ұсынған. Бүгін парламент бұл ұсынысты құрылтай отырысында қарап, заңға енгізді. Әзірге заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Шәмші Қалдаяқов құрметті атағы - музыкаға өнерге елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.
Одан бөлек, депутаттар “Еңбек сіңірген суретші” атағын да енгізбек.