Басты жаңалықтар

Қазақстанда мәслихат депутаттарының саны өзгереді

Редакция 09 қазан 2026, 14:15
Қазақстанда мәслихат депутаттарының санын анықтаудың жаңа тәртібі бекітілді. Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, енді мандат саны өңірдегі халық санына қарай есептеледі.
Қазақстанда мәслихат депутаттарының саны өзгереді Сурет авторы: GPT

Қазақстанда мәслихат депутаттарының санын анықтаудың жаңа тәртібі бекітілді. Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, енді мандат саны өңірдегі халық санына қарай есептеледі.

Жаңа ереже бойынша:

·         облыстық мәслихаттарда – өңірде 300 мыңға дейін тұрғын болса – кемінде 26 депутат. Әр қосымша 200 мың тұрғынға 2 мандат қосылады;

·         Астана және республикалық маңызы бар қалаларда 1,1 млн тұрғынға дейін – кемінде 30 депутат. Әр қосымша 200 мың тұрғынға тағы 2 мандат беріледі;

·         қалалық мәслихаттарда – шаһарда 50 мың тұрғынға дейін болса - кемінде 11 депутат. Әр қосымша 25 мың адамға 1 мандат қосылады;

·         аудандық мәслихаттарда 15 мың тұрғынға дейін болса – кемінде 10 депутат. Әр қосымша 15 мың тұрғынға 1 мандаттан беріледі.

Құжатта бірқатар қалалардағы депутаттар саны да нақтыланды. Ақтөбеде – 30, Таразда – 28, Семейде – 22, Алатауда – 11 депутат болады.

Ал аудандық мәслихаттар арасында Алматы облысындағы Қарасай, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарына ең көп – 25 мандаттан қарастырылған.

Депутаттар саны сайлау тағайындалған күнгі Ұлттық статистика бюросының халық саны туралы ресми деректері негізінде анықталады.

Жарнама