Басты жаңалықтар

ЕМХАНАҒА БӨЛІНГЕН АҚШАҒА ИТАЛИЯДА ҚЫДЫРҒАН

Редакция 02 қазан 2026, 14:34
Астанада азаматтардың емделуіне бөлінген ақшаны емхана басшылары қалталарына басқан. Сөйтіп бюджеттен 672 миллион теңгені жымқырыпты. Олар заңсыз табыстарын кредиттерін жабуға, Италияда демалуға жұмсаған.
ЕМХАНАҒА БӨЛІНГЕН АҚШАҒА ИТАЛИЯДА ҚЫДЫРҒАН Сурет авторы: GPT

Астанада емхана басшылары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

Елордада азаматтардың емделуіне бөлінген бюджет қаражатын жымқырған емхана басшылары мен бірқатар лауазымды тұлғалар сотталды.

Іс материалдарына сәйкес, төрт адам жалған шарттар жасасып, мемлекеттен бөлінген қаражатты өздерінің жақын туыстары мен сыбайластарының шоттарына аударып отырған. Бұл схема шамамен төрт жыл бойы жұмыс істеген.

Түскен қаражаттың бір бөлігі емхананың қажеттіліктеріне жұмсалғанымен, қалған қаржы жеке мақсаттарға пайдаланылған. Атап айтқанда, сотталғандар бюджет ақшасын несиелерін өтеуге, тұрмыстық техника сатып алуға және Италияға саяхаттауға жұмсаған.

Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 672 миллион теңгеден асты.

Сот барысында айыпталушылар кінәларын мойындамай, өздерін ақтауды сұраған. Алайда сот оларды кінәлі деп танып, 7 және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

 

02.10.2026

Жарнама