28 қыркүйекте Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді. Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» мәліметінше, дүмпу Астана уақытымен сағат 09:38:07-де болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 8 шақырым жерде, оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.
Алдын ала есеп бойынша, Алматыда жер сілкінісі 3–4 балға дейін сезілген. Қарасайда (Қаскелең) және Боралдайда – 2–3 балл, Өтеген батыр ауылында 2 балл болған.
Әзірге зардап шеккендер немесе қираған нысандар туралы ақпарат берілген жоқ.